Балаларды ойын-сауықпен дамыту орталығы ашылды

Oinet.kz 09-09-2022 560

Screenshot_19.png

Биылғы жылы облыста «Бизнестің- 2020-2025» бағдарламасы аясында өткiзiлген конкурста ауданымызда гранттық қаржыландыруға ұсынылған 5 жобаның 3 жобасы мақұлданып, қайтарымсыз несиеге қол жеткiзiлдi. Атап айтқанда, Нармұратова Ақ-Мейір Азретқұлқызы «Эврика - балаларды ойын-сауықпен дамыту паркі» жобасы 5 миллион теңгелік грантқа бағаланып, қорғалды. 

Ол аудандық кәсiпкерлiк бөлiмiнде «Бизнес бастау» оқуын бiтiрiп, арнайы сертификат алып,«Эврика - Балаларды ойын - сауықпен дамыту паркi» жобасын жасап, аудандық кәсiпкерлiк бөлiмi мен «Атамекен» Ұлттық Кәсiпкерлiк палатасы Шардара аудандык филиалы қызметкерлерiнiң сүйемелдеуiмен «Бизнестің жол картасы - 2025 бағдарламасы аясында облыстық  байқауға қатысып, 5 миллион теңге көлемiндегi қайтарымсыз грантының жеңімпазы атанды. 

— Паркте 15 жасқа дейінгі балалардың ой-өрiсiн кеңейтетiн, санасын жан - жақты дамытатын бағдарламалар іріктеліп алынған . Химия , физика , география , биологиямен танысып, координация . вестибулярлы аппараты дамиды . Энергияның түрлер мен танысып, әлем қызыктары жайлы ақпараттар алады . Ұлттық ойындарды ойнап үйреніп, балалардың кітапқа деген құлшынысы ашылыа, сенсорика, маторика, тактильдi сезiмдерi оянады. 

Эврика паркі ойын мен ғылым, iлiм үйлескен орта. Балалар бұлшық еттерiн шынықтырып қана қоймай , экспериментті шоулардың арқасында түрлі ғылымды үйренеді. Бұл балалардың болашақта жан-жақты қалыптасуына оң ықпал етеді»- дейді А.Азретқұлқызы. 

Бүгін орталықтың салтанатты ашылуы болып, қала әкімі О.Айдосов, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қ.Жахан және өзге де сала мамандары жиынға қатысып, жас кәсіпкерді құттықтап қайтты.  

Тілді дамытуға үлес қосқан азаматтар марапатталды
Достықта жаңа мектеп пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу