Жолдаудың міндеттері сөз болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев парламенттің бірлескен отырысында “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдау және насихаттау мақсатында "AMANAT" партиясы Кентау қалалық филиалының актив жиыны өткізілді.
Баршамызға мәлім, бұл Жолдау еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Білім күні мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін аса маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп беріп отыр.
Актив отырысын партия филиалының Атқарушы хатшысы А. Басаров ашып, жүргізіп отырды. Баяндамашы, қалалық мәслихат депутаты, Байылдыр бастауыш партия ұйымының төрайымы Ұ.Мұсаханова 5 бағыттан тұратын Жолдаудың ең басты негізгі басымдықтарына жеке - жеке , слайд арқылып тоқталып өтті. Жолдауды қолдау мақсатында белсенді партия мүшесі Т.Омаров - Президент Жолдауда бірқатар ауыз толтырып айтатындай оң өзгерістерді атап өтіп, оның ішінде алдағы уақытта арнай қор құрылып 18 жасқа дейін балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан ақша аударылып отыратындығ, ең төменгі жалақының мөлшері 70 мың теңгеге өсетіні, 100 мың жасты жұмыспен қамту арқылы -100 мың отбасына үміт сыйлағаны көңіл қуантарлық екенін атап өтіп, барлық партияластарды Жолдауды қолдауға шақырды.
Отырысты қорытындылаған Талғат Рахымұлы еліміздің ұзақ мүддесіне сай жұмыс жасауды, Жолдауды жан-жақты насихаттауға шақырды.