Кентау облыс орталығымен қатар дамып келеді

Oinet.kz 02-09-2022 441

Screenshot_7.png

«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының Атқарушы хатшысы лауазымына Басаров Арман Амангелдіұлы тағайындалды. Қалалық партиялық автивтің жиынына Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев қатысты.

А.Басаров 1974 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. 2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Құрылыс бакалавры мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы «Ачполиметалл» комбинатында бастап,  Кентау қалалық мәслихат аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған. 2022 жылдың наурыз айынан бастап Кентау қаласы бойынша Қоғамдық кеңес төрағасы қызметін атқарып келген. 

-  Кентау шаһары облыс орталығымен қатар даму үстінде. Партия тарапына сайлауалды уәделерді орындау, партиялық жобаларды іске асыру, тұрғындардың мәселелерінің шешілуіне ықпал ету,  қоғамдық-саяси жұмыстарды үйлестіру міндеттері жүктелген. Партияның қалалық филиалына қарасты 12 бастауыш партия ұйымында 3,5 мыңдай партия мүшесі тіркелген. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде биыл 8 айда 110-нан астам қабылдау жүргізіліп, 600-ге жуық азаматтың мәселесі тыңдалды. Оның 38 пайызы оң шешілген. Аталған бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, нәтиже көрсетулеріңіз керек - деген Бейсен Дәулетұлы қалалық филиалда жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірқатар тапсырмаларды жүктеді. 

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі қоса қаралды. Бейсен Дәулетұлы Жолдауда айқындалған реформалар елге оң өзгерістер алып келетін маңызды бастамалар екенін атап өтті. Сондай-ақ «AMANAT» партиясының мүшелері саяси науқандарға белсене қатысып, Жолдауға қолдау білдіреді деген сенімін білдірді. Қалалық мәслихат хатшысы Талғат Рахымұлы үгіт жұмыстарын үйлестіру барысымен бөлісті.

- Мемлекет басшысы өзінің кезекті Жолдауында тұрғындарды толғандырған бірқатар саладағы түйткілді мәселелердң қамтыды. «AMANAT» партиясының Кентау қалалық филиалы жанынан Жолдауды кеңінен түсіндіру мақсатында белсенді партия мүшелерінен насихат тобы құрылды. Оның құрамына қалалық мәслихаттағы фракция мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымының төрағалары, қоғамдық кеңес мүшелері және “Жастар рухы” жастар қанатының белсенділері енгізілді. Жоспарға сай кездесулер түрлі форматтарда ұйымдастырылады. Жаңа реформаларға қолдау білдіру және жүктелген міндеттерді орындау әрібіріміздің азаматтық борышымыз, - деді ол. Партиялық активте Жолдаудағы ақпарттық-насихатты үйлестіру бойынша пікіралмасулар болып, өткізілетін шаралар нақтыланды. 

Ауылда да спортпен айналысуға мүмкіндік мол
Партиялықтар Жолдауды қолдайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу