Тапсырмалар уақытылы шешімін табуда

Oinet.kz 09-09-2022 475

Screenshot_3.png

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Мемлекет басшысының "Әкімдердің халықпен кездесуі туралы" Жарлығына сәйкес  "Сауран" секторының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.

 «Сауран» тұрғын алабындағы жыл басынан бері өткен екі кездесу барысында тұрғындар тарапынан 88 мәселе көтерілген болатын. Олардың 82-сі бүгінде толық шешімін тапты, 3 мәселе бойынша жұмыстар басталды, ал 3 мәселенің заңдылығы түсіндірілді. Биыл І-мөлтек ауданда абаттандыру қарқынды жүрді. Оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аумақты асфальттау мен аяқжолдар төсеу, жарықшамдар орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстың 90 пайызы аяқталды.  Ендігі кезекте, ІІ-мөлтек ауданды да абаттандыру қолға алынды.

Қала әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуі «Яссы» секторында жалғасты. Бұл тұрғын алабында жыл басынан бері көтерілген өзекті  47 мәселенің 35-і "жасалды", 7-уі "жасалуда",  5 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді.  «Яссы» аумағында 23 көшеге тас төселді. 24 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді, 5 көшеге асфальт төселді. Қалған көшелерде сарқынды су жүйесінің сервистік жұмыстары аяқталғаннан кейін, орташа жөндеу жұмыстары жалғасады.

Сонымен қатар, 64 көше жарықтандырылды. Сектор аумағында 20 аялдама орнатылды. Сондай-ақ, 5 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Саққорған көшесі, Баянауыл аумағы, №24 мектеп жанына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

 Оралман тұрғын алабы және Қазыбек би, Жарылқапов көшелерінің аралығына гидрантты суару жүйесінің құрылысы жүруде. Тұран тыным саябағы мен Шатқал саябақтарының құрылысы аяқталды.

Ал шаһар басшысының наурыз және маусым айларында "Шауғар" сектор тұрғындарымен кездесуі барысында 51 мәселеле көтерілген болатын.  Олардың 37-сі бүгінде толық шешімін тапты, 10 мәселе бойынша жұмыстар басталып, қазіргі таңда атқарылуда, ал 4 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді.

Сонымен:  Шауғар секторында 22 аялдама орнатылды. 20,5 шақырымды құрайтын 19 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде. Бұл жұмыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Ескірген ауыз су құбырларын қайта жаңғырту  және метал құбырлары арқылы жүргізілген су желілерін полиэтилен құбырларына ауыстыру мақсатында 91 шақырым ауыз құбырларының құрылысы басталды. «Шауғар» тұрғын алабындағы ауыз су  тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда конкурс өткізілуде, құрылыс қазан айында басталады деп жоспарлануда.  Жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді де табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастырылды. 20 шақырымды құрайтын 31 көшеге тас төселді. 3 шақырымды құрайтын 2 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді. Тұрғындардың өтініші бойынша балалар алаңшасы және шағын футбол алаңшасы салынды.

Сонымен қатар Нұрбол Әбдісаттарұлы "Бірлік" тұрғындарымен өткен кезекті кездесуінде секторда атқарылған жұмыстарды баяндады.  Әкімнің наурыз және маусым айларында аталған тұрғын алаптың тұрғындармен өткізген кездесуі барысында 77 мәселе көтерілген болатын.  Қазіргі таңда оның 58-і  орындалса, 14-і бойынша жұмыстар басталды, қалған 5 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді. Нақтырақ айтатын болсақ сектор аумағында 16 шақырымды құрайтын 26 көшеге тас төселді. Сондай-ақ 3,3 шақырымды құрайтын 3 көше  ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді. 35 шақырымды құрайтын 33 көшені жарықтандыру  жоспарлануда.Және де 12 шақырымды құрайтын 9 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, құрылыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады дейді салаға жауапты мамандар. Тағы айта кетерлігі Керейхан көшесі, Бірлік стадионы аумағына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылысы жүруде, жұмыстардың 90 пайызы аяқталған.  Сонымен қатар Бірлік секторын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы жаңа 5 трансформатор орнатылды. Енді электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде. Жалпы жобаға сәйкес,  85 шақырым кәріз желісінің құрылысы басталды.

 Кездесу барысында тұрғындар өтініш-тілектері мен ұсыныстарын жеткізді.   

Ал "Отырар" секторындағы тұрғындармен кезекті кездесуін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков  мүмкіндігінше азаматтарды тыңдауға ден қойды.  Кездесуде тұрғындар:

- 8 баланың анасы әлеуметтік көмекке мұқтаж екенін айтып көмек сұрады.

- Жк "Арман" тұрғыны ауланы абаттандыру, инфражүйелердің іске қосылуы, КСК мәселесін көтерді. Нұрбол Әбдісаттарұлы жағдайды барып сол жерде зерделейтінін жеткізді. 

- "Жаңа қала" 16/1 тұрғыны ауланы абаттандыру, паркинг, тазалық жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныс айтты. Шаһар басшысы аталған мәселе бойынша жауапты мамандарға тапсырма берді. 

- "Отырар" мөлтек аудан тұрғындары тарапынан А.Байтұрсынов атындағы мектепте оқулық жетіспеушілігін, атаулы әлеуметтік көмек алатындар арасында жалған ажырасу, табысын жасыру жағдайлары барын, тізімді қайта зерделеуді айтты. Сонымен қатар, аулаларды көгалдандыру бойынша бірқатар өтініштер айтылды.

-  8 және 12 бағыттағы қоғамдық көлік маршрутын созу, аты жоқ көшелерге атау беру, ойын алаңшаларына көңіл бөліп, оларды қоршау, "LF Түркістан" футбол клубына қолдау көрсету, "Тұран батыр" аула клубына ғимарат беру, қоқыстардың жиі алынуы үшін жұмыс күшін көбейту жайы қозғалды. 

- Сонымен қатар, қала әкіміне кәріз жүйесі құрылысы автомобиль жолдарына зиянын тигізбесе деген тілектерін жеткізіп, құрылыс аяқталған жерлердің қайта қалпына келтірілуін қадағалауды сұрады.

- Жалғызілікті ана үй кезегінде 6 жыл тұратынын тілге тиек етіп, көпбалалы мен әлеуметтік әлсіз топтарға берілген үйлерді қайта тексеруді сұранды. Сондай-ақ, азық-түлік себеттерді атаулы әлеуметтік көмек алатындарға ғана емес, әлсіз топтарға да үлестірілсе деген тілегін жеткізді.

- "Жаңа қала" 16-үйдің тұрғыны көпқабатты үйдің жеделсатысын іске қосуды өтінді. Қала әкімі жауапты мамандарға бұл мәселені бүгіннен қалдырмай шешуді тапсырды. 

- Ауыр жүк көліктерін қадағалау, қажеттілігі бар көшелерге қосымша трансформатор орнату туралы өтініш те назарға алынып, жұмыс жоспарына енгізілді.

Кездесу нәтижесінде хаттамалық тапсырма түзіліп, орындалуы бақылауға қойылды.

Ал  "Бекзат" секторында өткен кездесу барысында кезегін күткен өзекті мәселелер қозғалды. Тұрғындар жыл басында айтылған бірқатар түйткілдердің түйіні тарқатылғанын айтып, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтен келесі мәселелерді де кезегімен шешіп беруді өтінді. 

- Биылғы жылы «Бекзат» мөлтек ауданында жалпы жоба бойынша 100 шақырым кәріз жүйесінің құрылысы басталды. Сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 4 дана трансформатор орнатылды. 

-  Қазіргі таңда, сектор аумағында (Жамбыл мектебінен жоғарғы тұсы - 514 үй) электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде.

-  Балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде. 

-  3 шақырымды құрайтын 4 көшеге тас төселді. Сонымен қатар 53,2 км құрайтын 49 көшенің жарықтандыру жүйесінің құрылысы аяқталды.

-  Барлық айтылған ұсыныс-өтініштер негізінде тапсырма жоспар түзіліп, орындалуы бақылауға қойылды.


Түркістанда 6250 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады
Түркістан жасыл желекке айналатын күн алыс емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу