Көп балалы аналар құрметке бөленді

Oinet.kz 09-09-2022 323

Screenshot_13.png

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында бір топ алтын құрсақты ананы қабылдап, оларға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттарын табыс етіп, құрмет көрсетті. Аудан басшысы ардақты аналарға өмірдің бар жақсылығын тілеп, елімізде аналар мен балаларға көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталып өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылып, 18 жасқа дейінгі әр балаға ұлттық қор табысының 50 пайызы есепшоттарына жиналатынын жариялады. Сонымен қатар нәзікжандылардың зейнеттік жасын 2028 жылға дейін 61 жас қылып белгіледі. Бұл өз кезегінде аналар қауымы мен балаларымызға мемлекет тарапынан жасаланып жатқан үлкен қолдаудың бір бөлігі деп білемін», деді Нұрлан Мархабатұлы өз сөзінде.

Түлкісбас ауданында жыл санап алтын және күміс алқа иегерлерінің қатары артуда. Бұл – өте қуанышты көрсеткіш. Бүгінгі таңда ауданда 146 батыр ана, 677 «Алтын алқа», 1774 «Күміс алқа» және 252 бірінші және екінші дәрежелі «Ана данқы» иелері бар болса, бұл жолы 39 алтын құрсақты анаға алтын және күміс алқалар табысталып отыр.


Сарыағашта 42 көше жөнделуде
«Бөгеннің» жайымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу