52 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттады

Oinet.kz 01-09-2022 345

Screenshot_44.png

Түркістан облысында 511 158 оқушы бар. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 52272 оқушы барды. Биыл Президенттің 2025 жылға дейін кемінде 1000 мектеп салу тапсырмасына сай өңірде 10 жаңа жекеменшік мектеп ашылып, білім ұяларының жалпы саны 961-ге жетті. Оның ішінде 56-сы жекеменшік. Түркістан қаласындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиынына облыс әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мен Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, балаларға сәттілік тіледі. 

Облыстағы барлық білім беру ұйымдары «Bilim Land» білім беру платформасына қосылған. Сонымен қатар мектеп кітапханаларының базасын есепке алу, мектептер арасындағы кітап алмасу, электронды түрде сұраныс беру жүйесі бойынша «Е-Кітапхана» платформасы енгізілді. 2022-2023 оқу жылына оқулықтар сатып алуға 5 048, 738 миллион теңге қаржы бөлінді.  Және оқушылар санының өсуін ескере отырып жетіспейтін және ескі оқулықтар жаңартылды.

Облыс бойынша 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Биыл 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20,7 миллиард теңге қаржы қаралды. Жоспарға сәйкес биыл 34 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беріледі. Оның ішінде, 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін жоспар толығымен орындалады.

Сондай-ақ 32 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 4 012,7 миллион теңге (оның ішінде: ОБ – 1125,8,2 млн.теңге, «Ауыл Ел-бесігі» - 2 886,9 миллион теңге) қаралған.

Ал облыста демеушілер қолдауымен 2 мыңнан астам балаға мектепке арналған оқу құралдары үйлестірілді. «Самұрық-Қазына» қорының демеушілігімен және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы өңірімізде қарқынды түрде жүргізілуде.

Балаларға оқу құралдарын үйлестіру, табыстау жұмыстарын жастар мен волонтерлер ұйымдастырып жатыр. «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы жыл сайын өткізіліп келеді. Шараның басты мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету.

Акция 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында осымен он бірінші жыл өткізіліп отыр. Акция өткізілген 10 жыл ішінде 2 млн. 600 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 17 миллиард 800 миллион теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді.

«Самұрық-Қазына» қоры еліміз бойынша 12 мың балаға бірінші сынып оқушыларына арналған, оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзактар таратуды көздеген. Түркістан облысында бұл сый аудан, қала бойынша 2403 оқушыға берілді.


Сауранда 3 жаңа мектеп ашылды
Келесте 2 мектеп ел игілігіне берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу