Тұқымбақтарда 30 миллион көшет өсірілуде

Oinet.kz 23-08-2022 272

Screenshot_42.png

Қазақстан орман алқабы аз мемлекеттердің қатарына жатады. Орман қорына жататын жерлердің жалпы көлемі 30 миллион гектарды құрайды және республикамыздың 11 пайызын алып жатыр. Ең көп орманды алқаптар - Қызылорда, Жамбыл облыстарында. Ол жерлерде негізінен сексеуіл өседі. Сонымен қатар, балқарағай, майқарағай, самырсын және шырша сияқты аса құнды ағаш түрлерінің қорлары Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында шоғырланған. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Жолдауында елді ауқымды көлемде көгалдандыру мақсатында орман қорында 5 жыл ішінде 2 миллиард ағаш отырғызуды және елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызуды тапсырды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мамандардың мәліметінше ормандарды сақтау және кеңейту бағытында Кешенді жоспарға сәйкес 5 жылда 110 мың гектар жерге 170 миллионнан аса ағаш көшеттерін егу жоспарланған. Жоспар сәйкес, өткен жылы 14 619,4 гектар жерге 18,707 миллион ағаш көшеттері отырығызылса, ағымдағы жылы 16 940 гектар жерге 22 миллион ағаш-көшеттерін отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. 

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Түркістан қаласының айналасынан құрылған «Жасыл белдеудің» жоспарланған 29 511 гектар жер көлемінің 13 629 гектары орындалды. Орман мекемелерінің тұқымбақтарында 30 миллион көшеттері өсірілуде. Алдағы уақытта көшет санын 50-60 миллионға жеткізу жоспарланған.  Сонымен бірге Түркістан – Шәуілдір тас жолының екі жағына 50 шақырым жерді Жетікөл аумағымен біріктіре отырып, анықталған 4000 гектарға жасыл екпе егу жоспарлануда.

600-ге жуық балаға қолдау көрсетілді
Сауранда 3 жаңа мектеп ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу