Жемқорлық - жарға жығады
Ел Президенті Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі екенін айта келе "Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай күресу, бұл – жел диірменмен алысумен тең. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек", деп сала басшыларына нақты тапсырма жүктегенболатын.
Осы ретте "Аманат" партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ. Еркебаев, аудандық мәслихаттың депутаты Қ. Спабекова "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жол бермеу" тақырыбында Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Күн тәртібінде: " Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығы" және "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жол бермеу", "ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлыққағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы № 153 Жарлығын орындау барысы баяндалды.
Қ. Еркебаев тақырыптқа орай өз баяндамасын оқыды. Қызметкерлерге "Құрмет пен сый сатылмайды, әрі сатып алынбайды" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдауға қатаң тиым салынады. Ресми кездесулерден алынған сыйлықтар 7 күн ішінде мемлекеттік қорға тапсырылады.Жақсы жұмыс жасаған қызметкерлерге ауызша алғыс айту, жазбаша алғыс жазу, басшылығына жеке немесе үкіметтік емес ұйым атынан алғыс, диплом тағы да сол сияқты марапаттар ұсынылатынын түсіндірді. Әдеп кодексінің талаптарын орындау әрбіріміздің ұстанымымыз болу қажет, теріс қылықтар жұмысымызды ілгертпейді, кері тартпаса. Тәртіп болған жерде жұмыс тиянақты.