«Аманаттықтардың» қатарында ұстаздар да бар
Бүгін «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалында партияға қабылдау шарасы өтті. Жиынға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаты Бақытжан Серманизов, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ережеп Бекет, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков қатысты. Партия мүшелігіне қосылған азаматтарға жаңа үлгідегі партиялық билеттер табысталды.
- Аудан бойынша партия мүшелерінің саны 4000-дей. Оның 66 пайызы ерлер болса, 34 пайызы әйел азаматтар. «Аманаттықтардың» қатарында білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету, кәсіпкерлік саласының мамандары болса, бүгін қоғамдық-саяси жұмыстарға араласуға бел буған тағы 15 ұстаз партия мүшелігіне енді. Бағыт пен мақсат айқын. Сіздерге зор сеніммен елді дамытуда адал қызмет етулеріңізге тілектеспіз, - деді Б.Дәулетұлы.
Ауданда партияластардың қатары биыл 75 азаматқа артып отыр. Филиал жанында 15 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. БПҰ-на жиналған жарнаның 20 пайызы партиялық жобаларды ұйымдастыруға жұмсалатын болады.
Шара барысында Түркістан облыстық мәслихат депутаты Б.Серманизов “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында 50 балаға қайырымдылық іс жасауға кірісті. “Балаларды мектепке даярлайық” акциясы бойынша алғашқы легіне мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер үлестірілді. Депутаттың айтуынша, оқу кезеңіне дейін жоспар толығымен орындалып, аз қамтылған отбасыларға демеушілік көрсетеді.