205 азаматтың мәселесі қаралды

Oinet.kz 23-08-2022 241

Screenshot_67.png

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев Шардара ауданына жұмыс сапарымен барды. Аудандық активтің қатысуымен өткен мәжілісте ол  ауыс-түйіс жайлы мәлімдеме жасады. Партияның Шардара аудандық филиалының Атқарушы хатшысы лауазымына Бекет Ережеп Құдайбергенұлы тағайындалды. Бұған дейін аталған қызметті атқарған Ерғали Қарымсақов зейнет жасына толуына байланысты өз өтініші негізінде лауазымынан босатылған болатын. 

Е.Бекет 1962 жылы Шардара қаласында туылған. Білімі жоғары. 1979-1984 жылдары Алматы зооветеринарлық институтында ветеринария саласында білім алып, 2006-2009 жылдары Әулиеата гуманитарлық университетінің мемлекеттік және өзін-өзі басқару мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 1984 жылы ветеринар болып бастап, 2018 жылға дейін аталған салада директор қызметіне дейін жемісті қызмет еткен. 2018 жылдан бастап 2022 жылдың маусым айына дейін Шардара қаласының әкімі лауазымын атқарып келді. Ол қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласып, атқарған жұмыстары аудан халқы тарапынан оң бағаланған. 

Жиында Б.Тәжібаев аудандық филиалда атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірқатар тапсырмаларды жүктеді. 

- Шардара ауданында 4 мыңдай партия мүшесі бар. Оларды біріктіретін 15 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Төрағалыққа ауданда беделі бар, білікті азаматтар іріктеліп сайланған. БПҰ-да жиналған жарнаның 20%-ын игеру бойынша жұмыстар тиісті дәрежеде атқарылмауда. Бұл бағытта партиялық жобаларды ұйымдастыруды тапсырамын. Қоғамдық қабылдауларға келсек, биыл 7 айда 80 қабылдау жүргізіліп, 205 азаматтың мәселесі қаралды. Оның ішінде 38%-ы ғана оң шешілген. Аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі және орынбасарлары, жергілікті орган басшыларын қатыстыра отырып, азаматтардың мұң-мұқтажын тікелей жеткізуіне мүмкіндік жасап, жұмысты күшейту керек. Партияның сайлауалды бағдарламасының аудан бойынша биыл жоспардағы 6 индикатор орындалмай отыр. Аудандық мәслихат депутаттары Жол картада бекітілген тармақтардың міндетті түрде орындалуын қадағалап, зерделеу жұмыстарын жүргізуі тиіс, - деген Б.Дәулетұлы ел үшін жауапкершілікпен бірлесе жұмыс жасауға шақырып, жиынды қорытындылады. 

Түркістан балық өсіруден көш бастап тұр
«Аманаттықтардың» қатарында ұстаздар да бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу