35 әйелге сертификат берілді

Oinet.kz 23-08-2022 296

Screenshot_61.png

Түркістан обылысында Италияның атақты кондитерлік өнімдері шығарылатын болады. Бұған себеп Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының бастамасымен өңірімізден 35 әйел “нан және кондитерлік өнімдерді өндіру” курсын аяқтап, сертификат берілді. Бұл оқуда әйелдер Италияның атақты кондитерлік өнімдері - “макаронс”, “круасан”, т.б.  көптеген тәттілерді пісіріп үйренді. 

Курсты оқытқан ЖК “Тұрлыбаева Г.”оқу орталығы. Гүлнұр Тұрлыбаева Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасында “Бизнес Бастауды” оқып, өз кондитерлік цехын ашып, қазіргі таңда өңірімізде беделді кәсіпкерге айналып отыр. Өзінің шағын кондитерлік цехымен қатар оқыту курстарын ұйымдастырып әйелдерге көп көмегі тиюде. Нан және кондитерлік өнімдер үнемі сұраныста болады, өз кәсібін ашып табыс табуға үлкен мүмкіндік,- деп есептейді жеке кәсіпкер Гүлнұр Тұрлыбаева.

Сертификат алған азаматшалар өз аудандарында кондитерлік өнімдермен айналысуды бастап кетті. Курс оқыған Бейсенбекова Сабира - Бәйдібек ауданы бойынша өзінің нан және кондитерлік өнімдерін шығарып, аудан бойынша таратып, табыс табуда. 

Жылдың соңына дейін облыс бойынша бейіндік мамандықтардың бірнешесін оқыту жоспарлануда. Курс туралы барлық мәлімет алдын ала хабарланатын болады.

Айта кетейік, "Бизнес Бастау" бағдарламасына жұмыссыз азаматтар (жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан), сондай-ақ ел Үкіметімен белгіленген азаматтардың жекелеген санаттары қатыса алады.

Оларға ауылдық елді мекендер, қалалар, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар; егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмеген жағдайда мүгедектер; зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар; сондай-ақ NEET санатындағы жастар; табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері; қоныс аударушылар және қандастар;  ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері жатады.

Қазақстанның түкпір-түкпір «Бастау Бизнес» жобасының түлектері тегін, бастысы қолжетімді білім алып, жеке кәсіп ашып, табыс табуға мүмкіндік алды.

35 әйелге сертификат берілді
Жұмысшы топтың алғашқы отырысы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу