Көпірлер тұрақты бақылауда
Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі жыл сайын артып келеді. Бұл ретте, жолдардағы көпірлердің жағдайын назардан тыс қалдырмау қажет. Ұзындығы 4014,7 шақырым құрайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолдардың бойында 410 дана көпір орналасқан.
Аталған көпірлердің 381 данасы жақсы және қанағатты жағдайда болса, 29 көпір жөндеуді қажет етеді. Қанағатсыз жағдайдағы көпірлерді тиісті жөндеуден өткізу үшін басқарма тарапынан келесідей іс-шаралар атқарылуда:
Ағымдағы жылы басқарманың тапсырысымен 1 көпірге күрделі, 4 көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, 16 көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Оның ішінде, 5 көпірге ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынса, 1 көпір мемсараптаманың қарауында.
Қазіргі таңда, 4 көпірге жобалаушы мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Ал, 4 көпірдің ЖСҚ әзірлену сатысында.
Сараптама қорытындысы алынған көпірлерді жөндеуден өткізу үшін, алдағы өтетін бюджеттік нақтылауға өтінім берілетін болады. Жөндеу жұмыстары бөлінген қаржыға сәйкес кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.
Көпірлерді жобалау кезінде кемшіліктерді болдырмау мақсатында және көпірдің жобалық шешімдерін қарастыру бойынша ағымдағы жылдың 19 тамызында тапсырысшы, жобалаушы мекеме, жекеменшік эксперттер және көпір салуда тәжірибесі мол кәсіпорын мамандары көпірлерге барып талдау жүргізді.