Жол сапасы басты назарда

Oinet.kz 23-08-2022 334

Screenshot_57.png

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы №131 қаулысы негізінде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» (Ұлттық сапа орталығы) РМК құрылған болатын. Мекеменің мақсаты республика көлемінде салынып жатқан жалпы пайдаланымдағы жолдар мен елді мекен көшелерінде  пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарының сапасына сараптама жүргізу.

Осы орайда, ағымдағы жылы Түркістан облысының аудан, қала әкімдіктері, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолдың сапасын арттыру мақсатында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Түркістан облысы филиалымен 200,0 миллион теңге келісім шартқа тұрған. Бұл келісім шарт құны бойынша республика көлемінде ең жоғары нәтиже болып, өңірлер ішінде Түркістан облысы әкімдігі көш бастап отыр.

Ұлттық орталық тарапынан ағымдағы жылы 7 айдың қорытындысымен облыс бойынша жөндеуден өтіп жатқан жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерінде пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарынан жалпы 1022 зертханалық сынама алынған болса, зертханалық сынамалар саны басқа өңірлермен  салыстырғанда орта есеппен 3 есеге көп немесе республикада алынған сынамалардың 12% құрайды. 

Алынған 1022 зертханалық сынаманың 27% сәйкессіздіктер орын алған. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республика деңгейінде 7 орында тұр. Қазіргі уақытта, мердігер мекемелер тарапынан орын алған кемшіліктер қалпына келтірілуде.

Кемшіліктердің басым бөлігі аудан, қала әкімдіктерінің тапсырысымен жөнделіп жатқан елді мекен көшелерінде орын алған. Осыған орай, басқарманың ұйымдастыруымен Ұлттық сапа орталығы, аудан, қала әкімдіктеріне қарасты салалық бөлім мамандарының қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында орын алған кемшіліктерді шұғыл жойып, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Сондай-ақ, жол сапасын арттыруға қатысты сұрақтар талқыланып, ұсыныс пікірлер тыңдалды.

Сауранда 130 шақырым жол жөндеуден өтуде
Сан емес сапа маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу