Облыстық «Жер аманаты» комиссиясы сайрамдық шаруалармен кездесті

Oinet.kz 22-07-2022 271

Screenshot_38.jpg

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері өңір бойынша жайылым жер мәселесін шешуге ықпал етуде. Бүгін комиссия өкілдері Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылының тұрғындарымен кездесу үшін арнайы іссапармен келді. Шаруалармен кездесуге облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, облыстық жер қатынастар басқармасының өкілдері, аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев, аудандық мәслихат депутаты А.Тайжанов, дербес бөлім басшылары қатысып, шаруа қожалықтарының жетекшілерімен даулы жерлердің мәселесін талқылады.

Облыстық «Жер аманаты» комиссиясы құрылғалы жайылым жерге қатысты партияға арыз-шағымдар көптеп келіп түсуде.

Отырыста Қарамұрт ауылында 2 мың гектардан астам жер мәселесі қозғалып, шаруалардың шағымдары жеткізілді. Үлескерлердің атынан сөз сөйлеген З.Ахметов 2008 жылдан бері бұрынғы және кейінгі құрылған шаруа қожалықтарының жерлері мен мүліктерін сот арқылы бөліп ала алмай отырғандарына шағымданды. Сондай-ақ жер дауы мәселесінде әділдік орнап, жері телімін алмаған азаматтарға мүмкіндік берілсе деген ұсыныстарын білдірді.

Отырыста аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев шаруа қожалықтарына тиесілі жерлерге қатысты даулар үлескерлер арасында және сот арқылы заң аясында шешілетінін түсіндірді.

Жиын соңында П.Мұратұлы тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдап, партия бақылауына алынатынын жеткізді. Сондай-ақ облыстық «Жер аманаты» комиссиясы тарапынан құзырлы органдарға тиісті хаттар жолданып, қорытындысы бойынша шағымданушы азаматтарға заң аясында қосымша  жауап беріледі.

Еске салсақ, облыстық комиссияның жұмысы  Келес ауданынан басталып, 30 мың гектар жер мәселесі назарға алынған болатын. Бұл жұмыстар өңірдің барлық аумағында жалғасады.

Облыстық «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы Келестен басталды
Депутат спорт саласына қатысты ұсынысты өз бақылауына алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу