Облыстық «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы Келестен басталды
Жуырда ғана «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылған болатын. Осыған орай, облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, облыстық жер қатынастар басқарма басшысы Ерғали Тілеген, өңірлік комиссия мүшелері Қошқарата және Шынар елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.
Жалпы, Келес ауданында 417 мың гектардан аса жайылым жерге мұқтаждық бар. Мал жайылымдық жерді ұлғайту мақсатында биыл ауданда 88 200 гектар жер қайтару жоспарланған.
Тұрғындармен кездесу барысында П. Мұратұлы облыстық «Жер аманаты» комиссиясы құрылғалы жерге қатысты келіп түскен арыздар көп екендігін айтты. Жиында Шынар елді мекеніндегі 30 гектар жайлымдық жердің мәселесі қозғалып, тұрғындардың шағымын заң аясында қарайтынын жеткізді. Сондай-ақ кездесуге Кездесуге аудан әкімінің аппарат басшысы Т.Оразбеков, аудандық мәслихатының депутаттары және Келес ауданының дербес бөлімінің басшылары қатысты.
Кездесуде Е.Тілеген сөз алып, жер мәселесіне қатысты заң аясында кеңес беріп, бұл мәселе құзырлы органдардың араласуымен және министрлікке хат жолдау арқылы шешілетіндігін түсіндірді. Тұрғындардың ұсыныс-тілектері назарға алынып, комиссия тарапынан тиісті жұмыстар атқарылады.