Депутат спорт саласына қатысты ұсынысты өз бақылауына алды

Oinet.kz 26-07-2022 249

Screenshot_39.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев съезд делегаттарына мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңарту үдерісі басталғанын айтты. Президенттің пікірінше, «Аmаnаt» осы жүйелі өзгерістерге белсене атсалысып келеді. Сонымен қатар партияның қолға алынған реформаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға қосып жатқан үлесіне тоқталды.

 – «Аmаnаt» әлеуметтік әділдік қағидатын орнықтыруға әрдайым баса мән береді. Мемлекеттілікті нығайту және ел бірлігін бекемдеу – ұйымның айрықша миссиясының бірі. Өткен съезде партияға ребрендинг жасау қолға алынды. Сондай-ақ, оны институционалдық тұрғыдан жаңарту жұмысы басталды. Партия бұл міндеттерді орындауға дереу кірісіп кетті. Нақты нәтиже бар, өзгерістерді қазірдің өзінде көріп отырмыз. Осы қарқынды бәсеңдетпей, жұмысты одан әрі жалғастыру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Ордабасы ауданында бұған дейін қос спорт мектебінің мәселесі шешімін тапқан болатын. Енді спорт мектебінің тәрбиеленушілері жаттығуға арналған арнайы залға мұқтаж. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалында өткен облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіштің қоғамдық қабылдауы барысында айтылды. 

Қоғамдық қабылдауға келген Қажымұқан атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры К.Құрасбекұлы және №2 спорт мектебі директоры Б.Айнабектің ұсынысын Дулат Назарбекұлы жобалық-сметалық  құжаттамаға сәйкес жауапты басқармаға депутаттық сауал жолдайтындығын айтты.

Сондай-ақ қабылдауға келген Темірлан ауылының тұрғыны Н.Иманқұлұлы жеке мәселесін жеткізді. Д.Назарбекұлы темірландық тұрғынға заң шеңберінде көмек көрсететінін жеткізді.

Облыстық «Жер аманаты» комиссиясы сайрамдық шаруалармен кездесті
Тұрғындардың өтініші жуырда шешімін табады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу