Түркістанда кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші артып келеді

Oinet.kz 27-07-2022 378

Screenshot_8.png

Елімізде өңірлер арасындағы айырмашылықты қысқарту үшін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба әзірленген. Жобаның басты мақсаты – республика тұрғындарының ең негізгі проблемаларын шешу.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының мақсаты - базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту әрі тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру. Бұл үшін өңірлерді дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасында белгіленген бағыттар аталған ұлттық жоба аясына топтастырылған.

Ұлттық жобаны іске асырудың нәтижесінде негізгі қызметтермен, атап айтқанда сумен жабдықтаумен 100 пайыз және кәріз жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз ету есебінен өңірлер арасындағы өмір сүру сапасындағы айырмашылық қысқарады деп күтіледі. 

Жоба аясында Түркістан қаласында кәріз жүйесінің проблемалары шешіліп келеді. Таяуда қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков  кәріз жүйелерінің құрылысын бақылап, мердігерлермен кездесті. Кездесу барысында құрылысшылармен пікірлесіп, құбырлардың сапасы мен құдықшаларды орналастыру бойынша ескертулер жасады. 

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 127 шақырым сарқынды су жүйесі мен 27 дана КНС бар. Орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылу көрсеткіші - 30,5 пайыз. Өткен жылы 3 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Құрылысы 2021 жылы басталған, Иассы мөлтек ауданы, Ыждыхат аумағындағы (7480 абонент), Отырар мөлтек ауданының орамішкілік кәріз желілерін салудың 2 кезеңін (2023 абонент), Шауғар секторы, Ортақ аумағын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысының І кезеңін (8544 абонент), Иассы мөлтек ауданы, Бірлік аумағын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысын (2607 абонент) жыл соңына дейін аяқтау көзделген.

Құрылысы биыл басталған, Тұран аумағын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысының ІІ-кезеңі (3792 абонент) және Бекзат секторы аумағындағы сарқынды су жүйелерінің құрылысы (5972 абонент) келесі жылға өтпелі.

Шауғар мөлтек ауданы, Ортақ аумағын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысының ІІІ- кезеңі мен Баянауыл аумағындағы  тұрғын үйлерді және әлеуметтік нысандарды  сарқынды сумен қамтамасыз ету құрылысына жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.

«109» - мәселелерді шешуде
Түркістанға келуші шет елдік туристердің қатары артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу