«109» - мәселелерді шешуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында "Біз басқарушылық мәдениеттің жаңа стандартына шығуымыз керек. «Ашық әкімдік» жергілікті билікке қоғамдық үшін сервистік сипаттамаға ие болуға жол ашып, халық пен мемлекет арасындағы кедергілерді жояды. Алда бізді шыдамды, өзара сыйластықты талап ететін жауапты әрі күрделі жұмыс күтіп тұр. Өзімнің Жолдауымда мен қоғамдық жүйені модернизациялау жолын жалғастыруды тапсырдым. Қоғамдық саяси өмірді трансформациялаусыз экономикалық реформаларды жүргізу мүмкін емес екені белгілі» деген болатын. Кейіннен Президент «Халық үнінен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласында «109 — БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ» ашылған болатын. Жақында шаһарда орталықтың жұмысына орай арнайы семинар өтті. Семинарда облыстық әкімдіктің қызметкерлеріне орталық жұмысынының тиімділігі мен орындалу барысы түсіндірілді.
Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын, заманауи техникалармен жабдықталған орталық 2020 жылдың 20 қарашасынан бастап іске қосылған. Жаңа жүйеде қазіргі таңда 158043 өтініш қабылданып, шешімін тапқан дейді сала мамандары.
Аталған жүйе қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігін азайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында енгізіліп, қазіргі таңда орталық тұрғындар игілігі үшін жүйелі жұмыс жасауда.
Айта кетейік, жыл басынан бері орталыққа 57128 өтінім түсті. Оның ішінде 54278 өтінім уақытылы орындалып, 583 өтінім бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта аталған орталықтың қызметін облыс деңгейінде жаңғырту қолға алынбақ.