Әлеуметтік қызмет - әлеуетке көмек

Oinet.kz 16-07-2022 227

Screenshot_6.png

Әлеуметтік сала – кез келген мемлекетте өзекті саланың бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда тұрмысы төмен топтағы азаматтарды, зейнетерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды  қолдауға баса назар аударылып келеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түркістан қаласында “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” ашылған болатын. Бұл –көмек көрсету мақсатын арқалаған үлкен ұжым.

Әртүрлі тағдырлар тоғысқан орталықта қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қамқорлығына бөлеп, олардың өмірін жақсартуға жағдай жасалып келеді. 

Орталықтың жоспарына сәйкес жыл соңына дейін 840-зейнеткер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қызмет көрсету жоспарланған болатын. Бүгінде оның ішінде 239- азаматқа орталықтағы 7 бағыттың 5 бағыты бойынша 888 қызметі көрсетілді дейді мамандар.

Атап айтсақ, еңбек терапиясы, компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша арнайы курстар, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметтік  мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу және демалыс шараларын ұйымдастыру бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар мен театр, концерт қойылымдарын тамашалау және мерекелік мәдени іс-шаралары. 

Сондай-ақ, орталықтың қызмет көрсету бағытын дамыту мақсатында жыл соңына дейін йога, айкуне, емдік гимнастика (ЛФК), тұзды шахта іске қосу жоспарлануда. 

Түркістанның экологиясы жақсарып келеді
«109» - мәселелерді шешуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу