Әкім әлімтаулықтармен кездесті

Oinet.kz 16-07-2022 282

Screenshot_3.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сай Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Әлімтау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Алдымен аудан басшысы алдыңғы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тоқталып, содан кейін алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі ауыз сумен қамтамасыз ету, спорт алаңшасын салу, ортақ жайылым жердің көлемін ұлғайту туралы өтініштері мен пікірлерін айтты. 

Өз кезегінде аудан басшысы Көктал елді мекенін сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары жобалаушы «ДИАС-проект» ЖШС-гі мекемесі тарапынан әзірлеп жатқандығын атап өтті. 

Сондай-ақ, ағымдағы жылы аудан әкімінің қаулысымен Сарыағаш ауданы аумағында пайдаланылмайтын жерлерді анықтау бойынша комиссия құрылып, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Әлімтау елді мекені маңынан 500 га жер учаскесін ортақ жайылым ретінде қосуға құжаттар рәсімделуде. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына дейін тұрғындардың мәселесі шешіліп, ортақ жайылым жерлердің көлемі ұлғаятын болады.

Кездесуден кейін, аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың әлеуметтік көмек және жеке мәселелері бойынша өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Аудан басшысы ауыл тұрғындарын қабылдау барысында ауылдық округ әкімі мен тиісті мекеме басшыларына өтінішті назарға алып, заңға сәйкес оң шешуді тапсырды.

Пайдаланылмаған жерлер ортақ жайылымға берілді
Сарыағашта кәсіпкерлік нысандар артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу