Сарыағашта кәсіпкерлік нысандар артуда

Oinet.kz 16-07-2022 301

Screenshot_4.png

2021 жылы қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді. Соның бірі - Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға арналған. Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді. Оның 3-еуі халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, басты мақсат – азаматтардың өз ісін ашып, дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту.

Аталмыш мемлекеттік бағдарламаның іске асуының нәтижесінде Сарыағаш ауданында кәсіпкерлік нысандардың саны  артуда. Солардың бірі Сарыағаш қаласы аумағынан заманауи үлгімен салынып жатқан автокөлік бөлшектерін саудалауға арналған сауда орталығы бой көтеруде. Сауда орталығы ғимаратының жалпы алаңы 5200 шаршы метрді құрайды. Мұнда 156 сауда дүңгіршегі орналасып, тұрғындарға ыңғайлы жағдайлар жасау мақсатында жеделсаты (лифт) және эскалатормен қамтамасыз етілуде. Аталған нысанның құрылысын жеке кәсіпкер  Н.Ордабеков жеке қаражаты есебінен жүргізіп, 400-ге жуық аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Айта кетсек аудан көлемінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалуда. Бүгінгі таңда аудан бойынша 17099 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасауда. Жыл басынан ауданға 3,2 млрд теңге жеке инвестиция тартылып, нәтижесінде 307 жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылған.   

Әкім әлімтаулықтармен кездесті
Түркістанның экологиясы жақсарып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу