Пайдаланылмаған жерлер ортақ жайылымға берілді

Oinet.kz 21-07-2022 419

Screenshot_2.png 

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиевтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиында төрт мәселе қаралды. Ауыз сумен қамту және қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары, жайылым жерді ұлғайту, қала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері, бойынша атқарылған  жұмыстар тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алдымен аудандық  аудандық санитариялық эпидемиялогиялық бақылау басқармасының басшысының орынбасары А.Алтенованың баяндамасы тыңдалды. Бүгінгі таңда аудан бойынша тұрғындардың ауыз сумен қамтылуы деңгейі төмен. Ауданымыздың  бірнеше елді-мекендері орталықтандырылмаған (ұңғыма, бұлақ, құдық) ауыз су жүйесін пайдаланса, ал кейбір елді-мекендер арық пен канал суын ешқандай тазартусыз, шелекпен тасып пайдаланып келуде. Бұл мәселелер тез арада шешімін таппаса, тұрғындар  қолданып жүрген сапасыз ауыз су өз кезегінде  халықтың денсаулықтарына кері әсерін тигізіп қана қоймай, бірқатар жұқпалы аурулардың өршуіне әкеліп соқтыруы мүмкін екендігін жеткізді.

Аудан аумағында жайылым жерді ұлғайту жұмыстарының барысы туралы ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Кукеев баяндады. Аудан аумағындағы жалпы жер көлемі 418 117 гектар құраса оның ішінде, 294 579 гектар жайылым жер бар.  Бүгінгі күнге аудан аумағындағы 71 елді мекендердің жер-шаруашылық жоспарларына сәйкес барлығы 28 262 гектар жер ортақ жайылымға бекітілген. Бұдан бөлек, 2021 жылы аудан аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жерлерін пайдаланбай жатқан 14 тұлғаның барлығы 8400,0 га жайылым жерлері Сарыағаш ауданы әкімдігінің 08 ақпан 2021 жылғы №33 қаулысымен қайтарып алынып, жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін ортақ жайылымға берілді. Сарыағаш қаласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Сарыағаш қаласының әкімі М.Доспуловтың және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстары мен алдағы  міндеттері туралы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Байғабұловтың баяндамалары тыңдалды. Жиын барысында нақты тапсырмалар беріліп, тақырыптар кеңінен талқыланды. Аудан басшысы көтерілген мәселелер тұрақты бақылауда болатындығын атап өтті. 

Тасқұдықта 100 орындық мектеп салынуда
Әкім әлімтаулықтармен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу