Тасқұдықта 100 орындық мектеп салынуда

Oinet.kz 21-07-2022 435

Screenshot_1.png

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Әлімтау ауылдық округі, Тасқұдық елді мекенінде жаңадан салынып жатқан 100 орындық мектептің құрылыс жұмыстарына арнайы барып, ауыл тұрғындарының қатысуымен кезекті қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. 

Қоғамдық бақылауға ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Әлімтау ауылдық округінің әкімі, ауыл биі және ауыл тұрғындары қатысты. 

Айта кетсек, аталған елді мекендегі қолданыстағы №43 Әль-Фараби мектебінің ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты жаңа білім ошағын салу қажеттілігі туындаған. Осыған орай былтырғы жылы жаңа ғимараттың қазығы қағылған болатын. Нысан құрылысын биылғы жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда мектептің құрылыс жұмыстарын «СервисЦентр-2007» ЖШС-гі жүргізуде.

«Аудан аумағындағы әлеуметтік нысандарға қоғамдық бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізілуде. Тұрғындармен біргелікте жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстары ел игілігі үшін салынып жатқан нысандардың сапалы болуына өз септігін тигізері сөзсіз. Аталған ғимарат балалардың болашағы үшін бой көтеріліп жатқан білім ордасы болғандықтан бірінші кезекте сапалы болуы қажет. Сол үшін мердігер мекеме жұмысшы күшін көбейтіп, нысанды сапалы және мерзімінде аяқтап, пайдалануға беру керек» - деді аудан басшысы Мұхит Баймұханбетұлы.

Мамандар алдағы уақытта да ауданға қарасты барлық әлеуметтік нысандар бақылауға алынып, аудан әкімдігінің мамандары және тұрғындардың қатысуымен қоғамдық бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025  жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін» дей келе 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырма берген болатын.  

Қабланбектіктердің ұсынысы ескерілді
Пайдаланылмаған жерлер ортақ жайылымға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу