Көшелерге асфальт төселуде

Oinet.kz 22-06-2022 389

Screenshot_27.png 

Кентау қаласында бүгінгі таңда жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Осы сәтке дейін, желді кезде шаң болатын, жаңбырлы кезде балшыққа айналатын көшелерге жол салу құрылысы жүруде.

Бұл мәселелерді қала тұрғындары үнемі қала басшылығымен кездескен сәттен көтеріп келген. Шешімін таппақ өзекті мәселе іске асып, қаладағы А.Құнанбаев көшесі мен Б.Момышұлы мүйісіне толықтай асфальт салуда. Қалған көшелерді де асфальттау жұмыстары белгіленген кезең бойынша жүзеге асырылатын болады.

Айта кетейік, осы күнге дейін Кентау қаласының ішкі жолдарын ретке келтіру бойынша ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы арқылы жолдарды күтіп ұстау жұмыстары есебінен қаланың орталық 19 көшелерінде жалпы 34,6 шақырымды құрайтын, атап айтқанда Қ.А.Яссауи, А.Құнанбаев, Абылайхан, Ы.Алтынсарин, Әлі Бекен, Әл-Фараби, М.Дулатов, Ю.Гагарин, В.Логинов, Д.Қонаев, Құрманғазы, кіші Құрманғазы, Қ.Құралбаев, Б.Момышұлы, Панфилов, Т.Рысқұлов, Ш.Уалиханов, С.Сейфуллин, Төле би және Ынтымақ алаңында жол таңбалау және білім беру мекемелері мен қаланың көше қиылыстарында жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту (зебра) жұмыстары атқарылған. С.Сейфуллин, Д.Қонаев, Төле би, Құрманғазы, Абылайхан,Ы.Алтынсарин және Ынтымақ алаңында ағымдағы жөндеу (шұңқырларды жамау) жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта ауызсу құбырлары мен табиғи газ құбырлары жүрген жерлерде жөндеу жұмыстары жүргізілген, орындарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Инфрақұрылым мәселелері оң шешімін табуда
Ауданның табиғи ерекшелігі туризм кластерін дамытуға қолайлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу