Инфрақұрылым мәселелері оң шешімін табуда

Oinet.kz 22-06-2022 280

Screenshot_26.png

Мемлекет басшысы өңірлерде инфрақұрылымды дамыту мәселесін әр Жолдауында көтеріп келеді. Бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалар да жүзеге асырылуда. 

Осы ретте Кентау қаласында да инфрақұрылым проблемалары оңынан шешіліп келеді. Айталық  Ш.Уәлиханов көшесінде жаңадан берілген көпқабатты тұрғын үйлерге барар жолға құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Өткен жылы тұрғындарға пайдалануға берілген үйдің тұрғындары біраз мәселелерді көтеріп келген. Қала әкімі Рашид Аюпов осы аймақ тұрғындарымен кездесуде мәселелерін бақылауға алып, тиісті салаға қажетті жұмыстарды жүзеге асыру тапсырмалары берілген. Бүгінгі таңда, жол құрылысынан бөлек, 36 дана көше жарықтары қойылып, аялдама орналастырылады. Сонымен қатар, жаяу жүргінші жолдар мен автобекеттер жасалынуда.

Тұрғындардың келісімімен қоқыс жәшіктерінің орындары ретке келтіріліп, аялдама қоятын жер нақтыланды. Қоқыстарды алып кету жұмысы белгіленген кесте бойынша тазалануда. 1,1 шақырым құрайтын жол мен 1,1 шақырым жаяу жүргінші жолдары тегістеліп, асфальт салу жұмыстары атқарылуда. 

Қала басшысы атқарылып жатқан әрбір құрылыс жұмыстары сапалы және уақытылы атқарылу керектігін тиісті сала басшылығына тапсырды. Айта кетейік, Кентау қаласы газға қосылған. Бүгінгі таңда, құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп, дайын үйлер газға қосылуда. Ш.Уәлиханов көшесіндегі он үйді газға қосу шілде айында жүзеге асырылмақ.

Кентау әкімі халық үніне құлақ асады
Көшелерге асфальт төселуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу