Кентау әкімі халық үніне құлақ асады

Oinet.kz 22-06-2022 313

Screenshot_25.png

Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов қала тұрғындары алдында берген есепті кездесуі TedX яғни еркін форматта өтті. Осы сәтке дейін, қала басшысының қала тұрғындары мен қала жастарын қабылдауда не кездесуі ашық әрі еркін жүйеде өткізіліп келеді. Бұл бағытты барлық орынбасарлары мен сала басшыларына, ауыл әкімдеріне де жұмыс жасауды тапсырған.

Рашид Абатұлының Telegram әлеуметтік желісінде ашылған https//t.me/Rashid_Ayupov арнасында аппараттық жиындарда есеп берген бөлімдердің баяндамалары таратылып, қалың көпшілікке ұсынылуда. Онда қаладағы жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы, атап айтқанда жол және көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстары бойынша толыққанды ақпарат ұсынылған.

Айта кетейік, екі ай бұрын қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасы арқылы әр бөлім және мекеме қызметкерлерін таныстыру басталған. Бұдан бөлек, бөлім және мекемелерге ресми парақшалар ашып, халықты ақпараттандыру және кері байланыс орнату тапсырылды. Әкім орынбасарлары және өзге де қызметкерлердің бекітілген кестеге сәйкес тікелей эфирге шығып, тұрғындардың сауалдарына жауап беріп келеді.

Сондай-ақ Кентау қаласы әкімдігіне қарасты салалар мен мекемелер Қазақстан Республикасы «Ашық үкімет» порталының құрамдас бөлігі «Ашық бюджетте»  қажетті барлық мәліметтер мен ақпараттар жариялануда. Мұнда барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар жасайтын бюджеттік бағдарламалар, бухгалтерлік есептіліктер, азаматтық бюджет көрсетілген. Бюджеттік бағдарламалар жобаларымен танысумен қатар, қолданушы жобалардың қоғамдық талқылауларына қатысып, өз пікірін білдіре алады. 

Сонымен қатар, қалада тұрғындардың мәселесіне тез назар салу мақсатында 109 байланыс орталығы іске қосылған. Онымен қоса ватсап желісі мен желілердегі парақшалар арқылы арыз, өтініштерді қабылдап тиісті сала арқылы жауаптарын беруде. Осы күнге дейін 109 байланыс орталығына 7644 өтінім түскен. Оның 6876 на жауаптар берілген. 116 бақылауда, 71-нің уақыты өткен. Одан бөлек, қалада I-qala мобильді жобасы іске қосылған. Тұрғындар үйден шықпай-ақ осы қосымша арқылы қажетті қызметтеріне өтінім бере алады. ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асу» тұжырымдамасы Кенту қаласында жүйелі жолға қойылған. 

Кентауды дамыту төрт ірі аумақты қалыптастыру арқылы жүзеге асады
Инфрақұрылым мәселелері оң шешімін табуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу