Ордабасыда астық ору науқаны басталды
Бидай – облыстың оңтүстік аудандарына тән дәнді-дақыл. Сондықтан ауданымыз үшін бидай егудің маңызы зор.
Бүгінде егін орағын алғашқылардың бірі болып бастаған Қараспан ауылдық округіндегі «КанСаМе» ЖШС-і алтын дәнді ысырапсыз жинап алу мақсатында тынбай еңбектеніп, астық ору науқанын бастап кетті.
Егістік алқапқа аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев пен ауылшарушылық бөлімінің басшысы Әбілда Алибек «КанСаМе» ЖШС-і қожалығына барып, астық ору науқанындағы жұмыс барысымен танысты.
«КанСаМЕ» ЖШС-і 456 гектар жерге жаңбырлатып суғару жүйесін қолдана отырып, "Гомер","Эланчик" бидай сұрыпын еккен.
Ауылшаруашылығына бейім саналатын Ордабасы ауданы бойынша егістік жердің игеру жоспары 69008 гектар болса, қазіргі таңда 68038 гектар жерге егін егілген. Олар: 23563 га - күздік бидай, 1015 га - арпа, 6925 га - дәндік жүгері, 5767 га - мақсары, 195 га - күнбағыс, 7107 га - мақта, 11951 га - ескі жоңышқа, 6361 га - жаңа жоңышқа, 2954 га - көкөністер, 1676 га - бақша, 524 га - картоп.
Егістік алқаптарын тиімді пайдалану бағытында 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасы бойынша 350 гектар жер игеріліп, 363,7 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Жоспар 104 пайызды құрап отыр.
Қазіргі таңда 2-3 өнім бойынша 1 айналымнан алынған өнім 83,1 гектар жерден 1595 тонна өнім жиналды.