Қажымұқан ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтары жазғы бидай орымына кірісті

Oinet.kz 01-07-2022 265

Screenshot_17.jpg

Ордабасы ауданының бидай өсіретін аймағының бірі – Қажымұхан ауыл округінде жаппай егін жинау науқаны жүруде. 

Биыл бұл өңірдің 4 037 га аумағына бидай дақылдары егілген.  

Аудандық ауыл шаруашылығының басшысы Әбілда Алибек пен аудандық Статистика басқармасының басшысы Манзура Шәмшидинова 176 гектар аумағына бидай дәнін еккен «Жансерік» шаруа қожалығындағы алқапты аралап, шаруалармен кездесті. 

Қазіргі таңда, Қажымұхан ауыл округі бойынша егіс алқаптардың 558 га аумағындағы бидай дәнін жинап үлгерді. Орташа өнімділік 26 ц/га.

Көктем, жаз бойы тынымсыз тірліктің басында жүрген еңбек адамдары осылайша маңдай терінің еселі жемісін көруде. Көп күш пен еңбекті қажет ететін шаруашылық мамандарының еңбегі ақталғаны кімге болса да жақсы. Қысқасы, сәтін салса тұрғындар биыл да жергілікті өнімді молынан пайдалана алады.

Ордабасыда астық ору науқаны басталды
Шұбардың шырайы арта түспек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу