Халықаралық автожол бойындағы ауылдардың даму мүмкіндігі жоғары
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың наурыздағы Жарлығы бойынша әкімдер халықпен кездесіп тұруы керек. Осы орайда 2022 жылдың 8 сәуір күні аудан әкімінің Көксарай ауыл округі тұрғындарымен өткен кездесу жиынында 11 мәселе көтеріліп, бақылауға алынған болатын. Бүгінде аталған мәселелердің 4-еуі оң шешімін тауып, қалған 7 мәселе заңдылығы аясында орындалу үстінде.
Осы орайда бүгін аудан басшысы Төрткөл ауылдық Мәдениет үйінде бекітілген кестеге сай ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Күн тәртібінде осы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар мен алда жоспарланған жоба-жоспарлар жайы сөз болды.
«Биыл Төрткөл ауылдық округте 10 684 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде «Бір алқаптан екі өнім алу» жобасы бойынша 19 шаруа қожалық иелері 49 гектар жерге көкөніс, бақша, жүгері дақылдары егіліп,бірінші өнімен 1 058 тонна өнім алынды. Ал, тамшылатып және жаңбырлатып суғару жүйесімен 65 гектар аумақ игерілді. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бойынша 13 дана ауыл шаруашылығы техникасы алынды. 6 ай қорытындысымен ірі қара мал басы 10 615 бас, құс 5 715 басты құрап бұл бағыттағы көрсеткіш толығымен орындалды», деді аудан әкімі Бағлан Батыршаев Төрткөл аулдық округ тұрғындарымен кездесу жиынында.
Төрткөлдің бюджеті, өнеркәсіп және инвестиция, коммуналдық сала, жер, білім, медицина, әлеуметтік саладағы атқарылған жұмыстар арнайы слайд түрінде көпшілік назарына ұсынылып, аудан басшысы баяндама жасады.
«Негізгі қорды жаңғыртуға бағытталған инвестиция жоспары 1 млрд. 100 млн. теңге болса, 6 айда 192 млн. теңге инвестиция тартылып, орындалуы 17,4 пайызды құрады. Жалпы жыл соңына дейін инвестициялық құны 540 млн. теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылады деп күтілуде. Ауыл округінде жалпы 10 мектеп бар, 3 717 оқушы білім алуда.
Қуантарлығы, өткен жылы облыстық бюджеттен 972 млн. 090 мың теңге қаралып, Төрткүл елді мекенінен 300 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Қызылжар елді мекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысына 780 млн. 329 мың теңге қаралды. Нысан 2023 жылға өтпелі. Төрткүл елді мекеніндегі Б.Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебінің жылу жүйесін жөндеуден өтуде. Көкарал елді мекеніндегі М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебін ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсету бағытында Төрткүл елді мекеніндегі емхананың толық жөндеу жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда пайдалануға берілді.
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында Қызылжар елді мекенінен ФАП салу бойынша қазіргі таңда МСА рәсімдері жүргзілуде, мердігер мекеме анықталған жағдайда, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.Мемлекеттік жекешелік әріптестігі арқылы (ГЧП) Көкарал елді мекенінен ФАП салу бойынша облыстық құрылыс басқармасына ұсынылған», деді аудан басшысы есепті кездесуде.
Аудан әкімі сондай-ақ, ауыл тұрғындары тарапынан жиі қойылатын ортақ жайылым мәселесіне де тоқталып өтті.
Айтуынша, биыл ауыл бойынша жайылымдық жерлерді пайдаланушылармен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 394 гектар жер аудандық қорға қайтарылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 865 га жайылымдық жерді қайтарып, ортақ жайылымға бекітіп беру жоспарлануда.
Айта кетерлігі, биыл Төрткөлде инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жаңарту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға ауылдың жол салу , электр желі, ауыз су, табиғи газ тарту, абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен істелінуде.
Тарқатып айтар болсақ, Төрткөл, Қызылжар, Елшібек батыр, Көкарал, Арыстанды ауыл, елді мекендеріндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары 9 нысан бойынша жүргізілуде.
Төрткүл, Спатаев, Қызылжар, Арыстанды, Ақсары, Еңбекші, Көкарал, Елшібек батыр, Нұра және Жайылма елді мекендері толық ауыз сумен қамтылған. қызмет көрсетуші мекеме «Таза су» МКК (тариф – 67,84 тг./м3).
Жайылма, Көкарал, Төрткөл, Қызылжар елді мекенінің ауыз су жүйесін күтіп ұстау және ағымдағы жөндеуден өтуде.
Аудан бюджеті есебінен (3 жоба) Ақсары ауылы Райымбек батыр көшесіне, Молдағұлова көшесіне электр желісін және куаттылығы 40 кВА трансформатор орнату жұмыстары басталды. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында Төрткөл ауылындағы КТП-249 «МТМ» трансформаторды қуаттылығы КТПН 400 кВА, КТП-242 «Торткуль» трансформаторды қуаттылығы КТПН 100 кВА және Спатаев ауылындағы КТП-274 «Спатаева» трансформаторды қуаттылығы КТПН 250 кВА ауыстырылып, қыркүйек айында пайдалануға беріледі.
Ауылдарды газдандыру да уақыт күттірмейтін жұмыс. Бұл бағытта аудан әкімдігі тарапынан республикалық бюджеттен қаржы қаралып, Спатаев ауылы, Елшібек батыр ауылы, Көкарал ауылы, Еңбекші елді мекенін газбен қамту кұрылысы қолға алынуда. Сонымен қатар, биыл республикалық бюджетке Қызылжар ауылы, Арыстанды, Ақсары елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге 3 жоба ұсынылды.
Аудан әкімі Бағлан Дәнебекұлы Төрткөлдегі кездесуден соң ауыл орталығындағы күрделі жөндеуден өткен денсаулық сақтау мекемесінің ғимаратын аралап, қысқа дайындық жұмыстарын пысықтады.
Және де орталық Д.Қонаев көшесіне төселген асфальттің сапасын тексеріп, мердігер мекеме жауаптылары мен салалық мекеме жауаптыларына құрылыс жұмыстарын өз уақыт кезеңімен аяқтауды тапсырды.