​Мұхит Тұрысбеков Таукент кент округі тұрғындарымен кездесті

Oinet.kz 23-06-2022 455

Screenshot_4.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурызда "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлыққа қол қойды. Онда "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" делінген.

Осы орайда бүгін Созақ ауданы әкімінің есептік кездесуі белгіленген кестеге сай, Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің халықпен кездесу жиынына, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті мекеме, сала басшылары қатысты. Кент тұрғындары аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды тыңдап, алдағы жоспарлардан хабардар болды. 

Тұрғындар тарапынан, көше жарығы мен жол төсеу мәселесі сөз етті. Сонымен қатар электр жарығы да өзекті екеніне тоқталды. Өндіріс орындарына жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу мәселесін көтерді. 

Көтерген мәселенің орынды екеніне тоқталған Мұхит Сексенбайұлы, бюджет мүмкіндігіне қарай, кезең- кезеңімен шешілетінін атап өтті. 

Жиын соңында азаматтарды жеке мәселе бойынша қабылдап, арыз шағымдарын тыңдады.

Созақ әкімі Құмкент ауылының халқымен кездесті
Созақта сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу