Созақта «Street Workout» алаңы ашылды
Түркістан облысы Созақ ауданына қарасты Қыземшек кентінде «Street Workout» және балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Созақ аудан әкімдігі және «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ меморандум нәтижесінде «Street Workout» және балалар ойын алаңды орнатуға қолдау көрсетілді. Бұл спортты ынталандыру жөніндегі бастаманы «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ қолдап, демеушілік жасады. Ашылу салтанатына Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов пен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ, «Kazatomprom - SaUran» ЖШС Бас директоры Ғылымбек Орынбек арнайы қатысып, жаңа спорттық алаңшасының лентасын салтанатты түрде қиды.
Созақ ауданы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ әлеуметтік жобаларды қолдау аясында біршама игі істер атқарылып келеді. Бірнеше ауыл округтерінде «Street Workout» және балалар ойын алаңы салынды. Спорттық нысандар ауыл тұрғындары жиналып, уақытын тиімді өткізетін тамаша орынға айналды. Кәсіпорын басшылығы игі істің жалғасын табатынын айтты.
Айта кетейік, Қыземшек кентінде ашылған «Street Workout» және балалар ойын алаңы 427 шаршы метрді құрайды. Онда түрлі жаттығуға арналған спорттық құрал-жабдықтар және балалар ойнайтын ойыншықтар бар.
Айта кетері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт былтыр халыққа арнаған Жолдауында:
-Өскелең ұрпақтың спорттық және шы¬ғар¬машылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы кезінде мемле¬кет бюджеті есебінен кәсіби спорт клуб¬тарын толықтай қамтамасыз ету¬дің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квази¬мем¬лекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет,-деп атап өткен болатын.