Түркістанда «Жанды саябақтар» жобасы басталды

Oinet.kz 23-09-2021 627

1.jpg 

Түркістан қаласындағы мектеп оқушыларының қатысуымен жаңа жоба бастау алды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Республикалық «Жанды сабақтар» жобасы аясында оқушылар тарихи орындарда болып, белгілі тұлғалардың сабақтарын тыңдайды. Білім алушылардың бойына тарихи сананы, қазақстандық патриотизмді, өз елінің тарихына деген құрметті, ата-бабаларымыздың жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту мақсатында қолға алынған жобаның алғашқы сабағы өтті.

Түркістан қаласындағы бүкіл тарихи деректерден сыр шертетін «Сапар» орталығында басталған сабаққа С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушылары қатысып, оларға «OSST-tur» туристік компаниясының директоры, гид-экскурсовод Төрәлі Сыздықов көне шаһар тарихы жайлы сыр шертті.

Айта кетері, бүгінде күллі түркі әлемінің руханис орталығы ретінде ресми түрде мойындалған Түркістанның тарихы тереңде жатыр. Сооңғы уақытта тарихшылар қаланың жасы кем дегенде 2200 жыл бұрын басталатынын дәлелдеді.  

 Сондай-ақ ерекше дәріс «Әзірет Сұлтан» кесенесі аумағындағы тарихи әрі туристік орындарда жалғасты. Экскурсия барысында оқушылар мол мағлұмат алып қана қоймай, құнды жәдігерлерді өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Оқушылар сабақтан зор әсер алғандықтарын жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.


«Шаңырақпен» үйлі болу оңай
Созақта «Street Workout» алаңы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу