Ата-аналарға дәріс оқылды

Oinet.kz 20-09-2021 655

Screenshot_27.png

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Р.Шыңғысхан №79 жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл дәрістің басты мақсаты - ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құқықбұзушылықтың алдын алу. Төбелес, бопсалау жайтының жолын кесу, құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу жайттарын анықтау. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі және психотроптық заттар) тәркілеу болып табылады.

Дәріс барысында ата-аналардың туындаған сұрақтарына жауап берілді. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.


«Учаске» шарасы нәтижесін беруде
«IKOMEK 109» жоғалған затты да тауып береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу