Балалар қауіпсіздігі назарда

Oinet.kz 12-09-2021 751

Screenshot_13.png

Шымкенттік полицейлер құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 1-9-қыркүйек аралығында республикалық «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның басты мақсаты - автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады.

Осыған орай, Шымкент ҚПД Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері №81 жалпы орта білім беретін мектепте жоғары сынып оқушыларына құқықтық сауаттылық жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Дәріс барысында оқушылар туындаған сұрақтарына жауап алып,  өз ойларын ортаға салды.

Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.

Атап айтқанда, жасөспірімдердің және жаяу жүргіншілердің жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға жолда жүру ережелерін түсіндіру мақсатында, күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында мектеп инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаруда.


Шымкент трансплантология орталығына айналды
Жаңатұрмыстағы ауыз су мәселесі шешімін табады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу