«Шаңырақ» бағдарламасына қатысушылар көп

Oinet.kz 12-09-2021 665

Screenshot_11.png

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» несиелік бағыты бойынша Тұран шағынауданындағы кредиттік тұрғын үйлердің 3-ші кезеңдік конкурсына қатысқан  азаматтармен  сатып алу туралы келісімшарттарды рәсімдеу жұмыстары басталды. 

Бұл кезеңде 336 азамат несиелік бағыттағы пәтерді сатып алу туралы келісімшартына қол жеткізеді. Бұған дейін аталған бағыттағы  1 және 2-кезеңдегі конкурсына қатысқан азаматтармен сатып алу туралы келісімшарттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілген болатын. 

Азаматтар сатып алу келісімшартын рәсімдегеннен кейін осы жылға әлеуметтік көмек ретінде берілетін тұрғын үй сертификатын алу талаптарына сай келген жағдайда, ипотекалық қарыз шартын беруді мақұлдау туралы банктің хабарлама хатын ұсынып, өтінім беру мүмкіндігі бар.

Айта кету керек, «Шаңырақ» бағдарламасымен биыл «Отбасы банк» өзінің интернет ресурсы арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында 27 үйді сату бойынша  өтінімдер қабылдаған болатын.

Қазіргі таңда 1-15 қыркүйек аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «5-20-25» бағыты бойынша  Отбасы банкі жеңілдетілген пайыздық көрсеткіштегі 192 несиелік пәтерге өтінімдер қабылдау конкурсын жүргізіп жатыр. Аталған кредиттік бағыттағы  конкурсқа тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық азаматтар қатыса алады. Ол үшін  Отбасы банктің «baspana.otbasybank.kz» порталы арқылы онлайн өтінім жіберсе болады.


М.Әйтенов: Шымкент - креативті қалаға айналуы керек
Шымкент трансплантология орталығына айналды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу