Қоғамдық кеңес жұмысы сараланды

Oinet.kz 08-09-2021 376

Screenshot_6.png

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде денсаулық сақтау саласында «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі мәселелер талқыланды.

Ең алдымен партия жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Есенбек Серкебаевтың баяндамасы тыңдалды. Есепті мерзім ішінде қоғамдық кеңес ағымдағы жылдың мамыр айында қаладағы №1 қалалық емхана, «Ана мен бала» оңалту орталығы, №2 қалалық ауруханасы мен қалалық перзентхана орталықтарында көшпелі іс-шара өткізіп, бірнеше кемшіліктерді анықтаған. Көшпелі іс-шара кезінде қоғамдық кеңес тарапынан екпе салу учаскелеріне бейнебақылау камераларын орнату жөнінде ұсыныстар айтылған. 

"Нәтижесінде, аталған медициналық нысандардың екеуінде орын алған кемшіліктер толығымен жойылған. Ал, екпе егу учаскелеріне бейнебақылау камераларын орнату туралы ұсыныс бойынша шілдеде республикада алғаш болып Шымкенттегі екпе егу бекеттеріне бейнебақылау камералары орнатылған",- дейді -«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағыҰлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің  төрағасы Есенбек Серкебаев.

Күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы  басшысының орынбасары Ермек Дәрменов сөз алды. Ол «Металлург»  стадионын пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланғанын, қазіргі таңда нысандағы құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп, тиісті жұмыстар 70 %-ға  орындалғанын атап өтті.


Ордабасыда су қоймасы салынады
Еңбекші ауданы 94,4 пайыз ауыз сумен қамтылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу