Тұрғындар шығысты өздері қадағалай алады

Oinet.kz 10-07-2021 669

Screenshot_22.png

Шымкент қаласының аудан аумақтарында мүлік иелерінің бірлестігін құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  Осы ретте Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Мұсабаев Спорт шағынауданының тұрғындарымен кездесіп, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолға алынған «БІР ҮЙ-БІР БІРЛЕСТІК-БІР ШОТ» қағидаты туралы кеңінен түсіндірді. 

Сондай-ақ, кездесу барысында көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары, ауланың санитарлық тазалық мәселелері жайы да сөз етілді. Аула тұрғындары мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестікті (ЖС) құру бойынша сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Нәтижесінде, 1 көпқабатты үй мүлік иелерінің бірлестігіне тіркелді. Ал 2 аула тұрғындары қол жинау жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінде Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 51 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық Әділет департаментіне тіркелді. 

Айта кеейік, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген түзетулер бойынша жүзеге асырылып отырған аталған жаңашылдық «бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» принципіне негізделген. Көппәтерлі үй тұрғындары ендігі кезекте барлық шығысты өздері қадағалай алады. Көппәтерлі үйдің тұрғындары ортақ мүлікке назар аударып, мұқият болуы қажет. Ал бұл өз кезегінде тұрғын үй қорын сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан пәтер иелері қаражаттың түсуі мен жұмсалуы ашықтығын қамтамасыз ету үшін өз үйінде мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестік құруы маңызды.



«Ашық әкімдік» арқылы тұрғындардың мәселесі шешілуде
Мемлекет есебінен спорттың 71 түрі қаржыландырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу