Ақжайықтықтар сапалы интернетке қол жеткізді

Oinet.kz 02-07-2021 1198

Screenshot_15.png

Мемлекеттік "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының басты міндеті елдімекендерді сапалы интернетпен қамту болып табылады. Осы ретте  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, елдімекендерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов осы мақсатта Ақжайық және Достық тұрғын алаптарына барды. Мақсұт Пернебайұлы елдімекендерді интернетпен қамту мәселесі бойынша цифрландыру басқармасының өкілдері және инвесторлармен бірге тұрғындармен кездесті.

Биыл Қаратау ауданына қарасты 4000-нан астам үйі бар Ақжайық шағынауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту жұмыстары атқарылып, басқармамен жеке инвесторлар тартылған болатын.

Бүгінде «i-LinkNet» ЖШС тарапынан 4000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі тартылды. Оның ішінде 200-ден астам үй жоғары жылдамдықты сапалы интернетпен қамтылды. Алайда шағынауданда интернетке қосылмаған үйлердің бар екендігі анықталып отыр. 

Сонымен қатар,  инвестор Достық шағынауданына да талшықты оптика желісін тарту жұмыстарын жүргізіп, тамыз айында толыққанды сапалы интернетпен қамтуды көздеуде. 

Тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда мердігер компания шағынауданды толыққанды талшықты оптика желісімен қамтамасыз ететін болады.


Қараусыз жүрген 61 жасөспірім анықталды
Батыршаев тұрғындармен әр тоқсан сайын кездеседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу