Батыршаев тұрғындармен әр тоқсан сайын кездеседі

Oinet.kz 01-07-2021 943

1.jpg

Жуырда Ордабасы ауданының әкімі болып тағайындалған  Бағлан Батыршаев аудандағы индустриалды өндіріс орындары шоғырландырылған Бадам ауыл округінде болып, өндіріс орындарының жай күйімен танысты. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Атап айтқанда, әкім өңірді сүт өнімдері мен құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп келе жатқан «Бөрте Милка» сүт-тауарлық фермасы мен «АГРО-V» қыш зауытының өндіріс ошағын аралады. 

Сапар барысында шағын және орта бизнеске көрсетілетін қолдаулар туралы айтылып, өндіріс қуатын одан ары арттыру жайы сөз болды. 

Сонымен қатар, аудан әкімі Бадам ауыл округі, Дербес ауылында салынып жатқан 300 орындық жалпы орта мектеп пен Бадам елді мекеніндегі 2022 жылы пайдалануға берілетін «Қажымұқан» атындағы 200 орындық білім ұясының құрылыс алаңында болды. 

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған ауыз су, жайылым, абаттандыру, мектеп алдындағы көше жолағы мен сергек бейнекамерасын орнату туралы ұсыныстары бойынша аудан әкімі орынбасарлары мен жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді. 

Ордабасы ауылындағы "Ордабасы Ұлттық тарихи-мəдени" қорығының жұмысымен танысқан Бағлан Дәнебекұлы ұлтымыздың рухын көтеретін қастерлі нысан аумағын күтіп баптауға шақырды. Мұнан соң Бөржар ауылының мәдениет үйіне барған аудан басшысы ауыл ақсақалдарының ұсыныстарын тыңдады. 

«Александровский Сад» ЖШС жеміс бауына барған аудан басшысы кәсіпкердің болашақ жоспарымен танысты. Алмадан басқа шабдалы, шие өсіріп, өнім сапасын арттыру туралы жоспарларын тыңдады. 

Аудан әкімі шаруаға бейімі бар жастарды қысқа мерзімді оқыту мен үйрету арқылы өз кәсібін ашуға үндеді. Сондай-ақ, әр тоқсан сайын тұрғындармен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдайтын ашық алаң құратынын жеткізді. 


Ақжайықтықтар сапалы интернетке қол жеткізді
Аграрлы аймаққа су кезегімен беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу