Кәсіпкерлікке бөлінетін қаржы 2 есеге ұлғайды

Oinet.kz 25-06-2021 887

Screenshot_16.png

Шымкентте экономиканың негізгі қозғаушы күші -  шағын және орта бизнестің айтарлықтай дамып отырғандығы көңіл қуантуда. Мамандардың мәліметі бойынша қалада жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34 пайызды құрайды. 69 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісінде 163 мыңнан аса адам жұмыс істейді.

2025 жылға дейін шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 100 мың бірлікке дейін, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санын 190 мың адамға дейін, өңірлік өнімдегі үлесін 40 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда дейді салаға жауаптылар.

Ол үшін осы жылы «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемелекеттік бағдарламалары аясында бөлінетін қаржыны екі  есеге ұлғайтып, 6,9 млрд.теңге бағытталған. 2025 жылға қарай бағдарлама шеңберінде бөлінетін қаражат көлемін 25 млрд. теңгеге дейін ұлғайту мақсат етілген көрінеді.

Ал, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 55 жобаға 816,1 млн. теңге бөлінді. Шағын және орта бизнеске екінші деңгейлі банкттер тарапынан 17,8 млрд.теңге несие берілді.

Кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасау үшін «Кәсіпкерлерге арналған Үкімет» фронт-офисі жұмыс жасауда. Жыл басынан бері фронт-офистің көмегіне 2325 кәсіпкер жүгініп, көмек алған. 


Агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу