«Кедергісіз келешек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті

Oinet.kz 30-06-2021 1033

Screenshot_6.png

Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы жүйелі жұмысын жаңғырту мақсатында түрлі ауқымды шараларды іске асырып келеді. Олардың қатарында «Кедергісіз келешек» деп аталатын партиялық жоба да бар. Негізгі мақсаты – мемлекетіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты қамқорлық көрсету болып табылады.

ҚР Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін еліміз кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін түсіндірген еді. Жалпы айтқанда, мұндай тұлғалар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек. 

Осыған сәйкес, «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында  «НұрОтан» партиясы Шымкент қалалық филиалында әлеуметтік сала мамандары мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдады. Көшбасшы партиядан қолдау сұрап келгендердің басым бөлігі баспана және әлеуметтік мәселені көтерді.

Жеке баспанасы жоқ Ұлболсын Төрегелдиева әзірге Қайнарбұлақ саяжайында пәтер жалдап тұрады. Денсаулығына байланысты дәрігерлерге көп жүгінемін деген ол «Нұр Отан» партиясы филиалында өткен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен қоғамдық қабылдауда инватакси қызметін сұрап келіпті.

Ал қарабастаулық Күнсұлу Сүйеубаева бірнеше мәселені көтерді. Баспана кезегінің тым баяу жылжып жатқанын атап өткен тұрғын 2016 жылдан бері кезектің 5 мыңға жылжығанын айтады. Қабылдауға келген әйел азаматының 7 жасар баласы туылғаннан мүгедек. Отбасының тапқан табысының басым бөлігі баласының ем-домына жұмсалады екен.

 «Оңалту орталығына немесе санаторияға жолдама бар ма? Жақсы болатын еді. Сосын басын да түсіру керек еді. Қоянжырық дейді соған дефектолог қажет»,- дейді Шымкент қаласының тұрғыны Күнсұлу Сүйеубаева.

Қоғамдық қабылдауға арнайы қатысқан Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі мүгедек баланың құжаттарының көшірмесін алып тиісті ем-дом алуына қолдау көрсететінін жеткізді.

Ал Нигара Ахмедова өзіне және екі баласына құжаттарды рәсімдеуге қолдау көрсетуді өтінуде. Арызданғандардың өтрініштерін мұқият тыңдаған нұротандықтар олардың көтерген мәселелерімен тиісті сала мамандары айналысатынын, бірде бір шағым назардан тыс қалмай, қадағалауда болатынын алға тартты.


Кәсіпкерлікке бөлінетін қаржы 2 есеге ұлғайды
«Ten qogam» секторы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу