Агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде

Oinet.kz 25-06-2021 844

Screenshot_15.png

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қаланы толық қамтамасыз ету - басты назарда. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде бұл бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймақ құрылып жатқанын айтты. 

Бірі – заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені, екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Қазір екі агроөндіріс аймағының да жобалау-сметалық құжаттары жасақталып жатыр. 

«Бүгінде Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде. Осы жылы ауыл шаруашылығында жалпы құны 24 млрд.теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Есепті кезеңде 12,8 млрд.теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артты. Салаға бағытталған экспорт көлемі 39 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 10% артық» - деді қала басшысы. 

Сондай-ақ Шымкентте қазіргі уақытта 295,3 шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 92,2 шақырым магистралды, 203,1 шақырым ішкі орамдық көшелер. 

Көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 4 ірі жолайрықтың құрылысы жоспарланып, бұл жылы 2-уінің құрылысы басталды. 1 жолайрық жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі жыл соңына дейін 63,6 пайызға жетеді.  

Қоғамдық көліктердің 80 пайызы жаңаланады. Былтыр 590 жаңа автобус сатып алынып, оның 300-і жолға шықты, жыл соңына дейін 290 жаңа автобус қосылады. Бұл автобустар газбен жүреді, кондиционері бар, мүгедектерге қолайлы. 

Ал, қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қалада 92 гектар жерге сауда-логистикалық аймағы құрылды. Одан бөлек, тағы да 3 логистикалық жобаның құрылысы жүргізілуде.


Өнеркәсіп өнімінің көлемі артып отыр
Кәсіпкерлікке бөлінетін қаржы 2 есеге ұлғайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу