Тазалыққа баса мән берілуде

Oinet.kz 24-06-2021 979

4.jpg 

Түркістан облысы  Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандары Ақсукент және Қарасу ауылдық округі аумақтарын аралап, тазалық жағдайын көрді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әйтекеби ауылы Ұлы дала, Ақсукент ауылы Сұраншы батыр, Қарабұлақ тас жолы, Абылайхан, Абай көшелерінің бойын шөп басып, бей-берекетсіз қоқыс үйінділері көбейген. Ирригациялық жүйелер мен арық-атыздар мүлдем тазаланбағанын байқау қиын емес. Тұрғындар күл-қоқысты уақытылы алмау жиілеп кеткенін айтады.

Аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев бір апта бұрын, 14 маусым күні лездемелік мәжілісте аталған ауылдық округтердің әкімдеріне елді мекендердің экологиялық жағдайы бойынша жұмыстарды күшейтіп, тазалыққа баса мән беру керектігін тапсырған болатын.

Бүгінгі көрініс – әкімдердің тапсырманы орындауға немқұрайлылық танытқанын аңғартты. Атап айтқанда, бүгінгі таңда ретсіз қоқыстарды алу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары нәтижесімен жеңімпаз болып танылған мекеме жұмыстарының сапасы сын көтермейді.

Сондай-ақ тұрғын үйлерден шығарылған қоқыстарды тасымалдау жұмыстарының кестесі бұзылып, ұзақ уақыт алынбауына байланысты халық арасында наразылық туындауда. Зерделеу нәтижесінде Шухратулла Азаттуллаұлы аталған ауылдық округтердің әкімдеріне шара көретінін ескертті. Және бір апта ішінде жұмысты жүйелеп, өз мерзімінде тазалық жұмыстарын ретке келтіру, көше бойындағы қалың шөпті орып, реттеуді тапсырды.


Мемлекеттік қызметкерге қойылатын талап жоғары
«iKomek»-тің көмегі көп болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу