Мемлекеттік қызметкерге қойылатын талап жоғары

Oinet.kz 23-06-2021 1060

3.jpg 

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлы 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай аудандағы мемлекеттік қызметкерлерге құттықтау жолдады. 

-Қандай да бір қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекеттік қызметтің алатын орны ерекше. Қоғам мен мемлекеттік қызмет жүйесін түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайтын «100 нақты қадам» жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бөлігіндегі 15 қадамның енгізілуі мемлекеттік қызметтің маңыздылығын көрсетеді. Аталмыш құжат мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негізделген.

 220 мыңға жуық халқы бар Сайрам ауданында мемлекеттік қызметшілер саны аудан әкімі аппаратында -11 ауылдық округтері әкімі аппараттарында -13 дербес бөлімдерде -249 штаттық бірлікті құрайды. Қазіргі таңда жұмыс атқарып отырғаны -224. (Оның ішінде: 151 мемлекеттік қызметшілер ер азаматшаларды құраса, 73 мемлекеттік қызметшілер әйел азаматшалары) 47-і мемлекеттік қызметшілер 30 жасқа дейінгі жастар.

Қазіргі заманның мемлекеттік қызметке, мемлекеттік қызметшілерге деген талабы жоғары. Мемлекеттік қызметші тек білімді ғана емес, сонымен қатар, білікті де жоғары жауапкершілікті, тәжірибелі, әділдік, адалдық, адамгершілік қасиеттері мол, өз елінің азаматы болуы қажет,-делінген құттықтауда. 

Аудандағы мемлекеттік қызметшілердің жеткен жетістіктері аз емес ағымдағы жылдың ақпан айында Түркістан облысы көлемінде «Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ!» атты ұранымен мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың 12 түрінен маусымдық біріншілікте Түркістан облысы көлемінде аудандар және қалалар арасындағы спорттың волейбол түрінен өткізілген маусымдық біріншілікте Сайрам ауданының құрама командасы нәтижелі дайындықпен жүлделі 1 орынды иеленді. 

Аудан көлемінде «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер» күніне арналған іс-шара жоспары түзіліп, 2021 жылдың 19 маусымында «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» және «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер» күніне орай Сайрам ауданы мемлекеттік қызметшілер арасындағы спорттың бірнеше түрлерінен (атап айтқанда: кіші футбол, арқан тарту, үстел теннисі, Шахмат, гір тасын көтеру) аудандық спартакиада өткізіліп, аудандық баспасөз ақпарат құралдарынан кеңінен насихатталды. 

-Бұл мерекенің басты мақсаты-мемлекеттік органдарда қызмет істейтін азаматтардың жұмысқа деген ынта-жігерді арттыру, жылдар бойы сіңірген еңбегін назардан тыс қалдырмай марапаттау, елге талмай еңбек етіп жатқан азаматтарымыздың шығармашылығына шабыт беру, халық пен билік арасындағы байланысты нығайту,-делінген аудан әкімінің құттықтау хатында. 


«Ауыл ел тірегі» аясында қабылдаулар ұйымдастырылды
Тазалыққа баса мән берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу