«Ауыл ел тірегі» аясында қабылдаулар ұйымдастырылды

Oinet.kz 23-06-2021 1204

2.jpg

"Ауыл – Ел тірегі" жобасы аясында Түркістан облысы Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақылбай Жақыпбеков тарапынан онкүндік іс-шара негізінде бекітілген кестеге сәйкес, Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында азаматтарды жеке қабылдауы өткізілді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жеке қабылдауда елді мекендердегі қоғамдық саяси ахуал, дін және жастардың мәселесі бойынша 5 азаматтың сұрақ-сауалдарына жауап беріліп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізіліп жатқан  "Ауыл - ел тірегі" жобасының Ақбұлақ ауылындағы онкүндік аясында Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Оспанов Бекболат Қарабекұлы осы ауылдық округте мәдениет саласына қатысты мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға Ақбұлақ ауылының тұрғыны жазушы Асаутай Тұрғанбаев келіп, жеке шығармашылығы туралы баяндады. Сұхбат барысында автордың бірнеше өлеңіне ән жазылып, бірақ қаржылай қиындықтар туындауына байланысты жарыққа шықпағанын айтып қынжылды. Сонымен қатар, жергілікті жас әуесқой сазгер , аудандық орталық кітапхана қызметкері Роза Әбдіжаппарова автордың әндеріне әуен жазуды қолға алғынын қуана жеткізді. Осы орайда , бөлім басшысының міндетін атқарушы Б.Оспанов бөлім тарапынан барлық қажетті жұмыстар атқарылып, Ақбұлақ ауылындағы онкүндік барысында автордың жақында шыққан жаңа өлеңдер жинағының тұсаукесері мен өзі ұсынған әні нотаға түсіріліп, аранжировка жасалатынын айтты. Аудандық мәдениет үйінде арнайы мамандар Асаутай Тұрғанбаевтың шығармашылығын насихаттап, сазды әуендерін жарыққа шығару үшін қызу жұмыс атқаруда.


Манкенттте электр жүйелері жаңартылып жатыр
Мемлекеттік қызметкерге қойылатын талап жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу