Манкенттте электр жүйелері жаңартылып жатыр
Халыққа арнаған былтырғы Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемелкет» тұжырымдамасын ұсынғаны белгілі. Осы тұжырымдамаға сәйкес басшылар ел аралап, тұрғындармен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдауда.
Осыған сәйкес жуырда Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылдық округінің әкімі А.Сайтмуратов, аудандық маслихат депутаттары Д. Даванова және Ф.Файзуллаев Манкент ауылы М.Аликулов және Қ.Шеров көшелерінің тұрғындарымен кездеу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар электр жарығы, ауыз су, көшелердің атауы және үйлерге реттік нөмірлер қою мәселелерін көтерді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыл әкімі бугінгі таңда жергілікті бюджеттен Сайрам көшесіне трансформатор қойылғанын, ал Аққала елді мекеніне трансформатор қою жұмыстары жүргізіліп жатқанын, Айнабұлақ көшесінің 3 шақырымына жарықтандыру орнатылғанын, сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен алдағы уақытта М.Аликулов, Қ.Шеров және Бірлік көшелеріне трансформаторлар орнатып, ескірген бағаналарды ауыстыру жұмыстары жоспарланып жатқанын атып өтті. Ал, аталған көшелерге реттік нөмірлер және көше атауларын қою жұмыстары жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлініп, конкурс жеңімпазы «HDT KAZ» ЖШС тарапынан жүргізілетінін айтып өтті.
Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға ризалықтарын білдірді.