Шымкентте диодты жарық шамдар шығарылады

Oinet.kz 20-06-2021 720

Screenshot_7.png

Бүгінде көше бойында орнатылған шамдар өзіміздің Шымқалада шығарылуда. Бұл деген шаһарда Отандық өнімге деген сұраныстың артып келе жатқанының көрінісі. Тіпті, тұрмысқа қажетті қарапайым заттардан бастап, тұтынатын тауардың түр-түрі шығады.

 Казтехникас зауыты мемлекеттік бағдарлама аясында  Шымкентте алғашқылардың бірі болып   диодты жарық шамдар шығаруды қолға алған.  Тассай индустриалды аймағында орналасқан өндіріс ошағының аумағы 1,5 га. 2015 жылы құрылып, күні бүгінге дейін қарқынды жұмыс істеп келеде.   Аталған кәсіпорынның жобалық қуаты - жылына 70 мың шам шығаруға қауқарлы. Қазір мұнда 40-аса қызмет жұмыспен қамтылған.

Жобаның жалпы құны - 500 млн. теңге. Қажетті қаражат көзі кәсіпорынның өз есебінен жұмсалған. Бүгінде  «КазТехникас» ЖШС жұмыстың тиімділігін арттыруда заманауи технологиялармен жабдықталған. «Мұнда жарықтандыру және энергия үнемдеу бағытындағы тиімділігін көрсеткен соңғы үлгідегі заманауи технология қолданылады»,- дейді «Казтехникас» ЖШС «Даму» басқармасының басшысы Әзімбек Марат.

 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та өзімізден шыққан өнімді қолдау керек екенін үнемі айтып отырады. Бүгінде Шымкентте тұрғындар тарапынан отандық өнімге деген сұраныс жоғары. Әсіресе, сапасы мен бағасы қолжетімді болғандықтан тұтынушылардың қатары күн санап артуда.


Абай кітапханасы жаңарды
Тұрғын үй кезегін онлайн қадағалаңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу