Абай кітапханасы жаңарды

Oinet.kz 20-06-2021 963

Screenshot_6.png

«Бүкіл әлемдегі кітапханалар - білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды».  Осылай деген  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы кітапханалардың жүйесі мен жұмысын ұйымдастыруға жаңаша көзқараспен қарау қажеттігін,  кітапханаларды жаңғырту туралы тапсырма берген болатын. 

Президенттің тапсырмасы аясында Шымкент қаласындағы Абай атындағы қалалық орталық кітапханаға күрделі жөндеу жүргізіліп, қайта жаңғыртылған болатын. Шымқаланың туылған күнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов аталмыш кітапханасының ашылу салтанатына қатысты. Іс-шараға ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросының директоры Крист Пикат та арнайы келді.

Қала әкімі кітапхана аумағындағы оқу аймақтары, кітап және оқырмандар залы, «Music and Art Community Space» залының жаңа жұмыс жүйесімен, кофехана, сондай–ақ, «Абай» муралының жұмыстарымен танысты. Абай атындағы қалалық орталық кітапханада 2021 жылдың мамыр айында жаңғырту жұмыстары басталған еді. Жөндеу жұмыстары 19 маусым-қала күні мерекесі қарсаңында аяқталып, пайдалануға берілді.  Кітапханаға «Ашық» қосымша жүктемесі арқылы кіруге мүмкіндік бар. 

Кітапхана ғимаратын аралап шыққан Мұрат Дүйсенбекұлы ұжымға Yamaha музыкалық синтезаторын сыйға тартты.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның айтуынша, алдағы уақытта мегаполисте он кітапхана жаңғыртылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ бүгінде Шымкент қаласында бірқатар мәдениет нысандарында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.


Шардарада тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтті
Шымкентте диодты жарық шамдар шығарылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу