Шардарада тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтті

Oinet.kz 14-06-2021 555

15.jpg

Шардара жерінде тұңғыш рет тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында жекелей классикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ашылу салтанаты барысында сөз алған Аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы Шардара өңірінде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, спортшыларымызға сәттілік тілеп, жарысты ашық деп жариялады. 

Келесі сөз кезегін алған тоғызқұмалақ спортынан мемлекеттік жаттықтырушы Капаев Дастан Исатайұлы осы жарысты ұйымдастырушыларға жоғары деңгейде өткізіп жатқанына рахмет айтып, спортшыларымызға тек жеңіс тұғырынан көрінулерін тіледі. 

Сөз соңында елімізде тоғызқұмалақ спортын дамытудағы сіңіріп жатқан еңбектері үшін Шардара ауданы әкімінің алғыс хатымен және естелік сыйлығымен Дастан Исатайұлын аудан әкімі орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы марапаттады.

Сонымен қатар, тоғызқұмалақ спортын дамытудағы еңбегі үшін Шардара аудандық мәслихат хатшысы Арман Романұлының алғыс хатымен әрі естелік сыйлығымен Айнұр Жакабаева марапатталып және Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының алғыс хаты, әрі естелік сыйлығымен Жарас Ильясұлы марапатталды.

Мұнан кейін тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында жекелей классикадан Қазақстан Республикасы басталып кетті. 

Ақтық сын маусым айының 18 күні «Спорт кешенінде» өтеді. Жерлестерімізге жеңіс тұғырынан көріне берсін деп тілейміз!!!


Тұрғындардың мәселесі бойынша тапсырмалар берілді
Абай кітапханасы жаңарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу