Тұрғындардың мәселесі бойынша тапсырмалар берілді

Oinet.kz 15-06-2021 621

14.jpg

Шардара аудланының әкімі Қайрат Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қабылдауда: Асылбекова Гүлай, Бақтыбаевна, Қарсыбай Жамиля Жарымбетқызы, Иулдашева Уразгуль Абдурахимовна, Шерматова Гулжахан және Мустафаева Жанар, Гулнар Кантакова, Наргиза Оразбек сынды бірқатар аудан тұрғындары болды. 

Тұрғындар тарапынан: телефон сымын қайта орнату, А.Қастеев көшесін асфальттеу, ішкі газ жүйесін жүргізу кезіндегі кемшілікті түзеу, тұрғын үй кезегіне тұру, жер дауы, ауыз су төлемақысы, әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй құжатын рәсімдеу бойынша бірқатар мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі қозғалған мәселелерге заңды түрде жауап беріп, тиісті мекемелерге тапсырмалар берді. Алдағы уақытта тапсырмалардың уақытында орындалуы қадағаланады. Айта кетері, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Заң үстемдігі орнықпаса және аза¬мат¬тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір¬де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә¬не әділ шешім шығару қажет,-деген болатын. 


Оқушылар «Біркөлікке» аттанды
Шардарада тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу